Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Инновациялар
BMW X6, Алдыңғы бөлік дизайны

Алдыңғы бөлік дизайны

Жарқыраған дизайн назарды көліктің динамикалық алдыңғы бөлігіне аудартады, әсіресе бағыттама түріндегі күндізгі жүріс шамдары бар жарықдиодты фарлар мен жарықтандырылған BMW Iconic Glow радиатор торы ерекше көз тартады.

BMW X6, Қырынан көрінісі

Қырынан көрінісі

Жаңа "BMW Individual Atlantis metallic" лак-бояу жабынының 22 дюймдік жеңіл қорытпалы BMW Individual дискілерімен үйлесімі автокөлікке көркем спорттық келбет беріп, оның стилі мен мінезін айшықтайды..

BMW X6, Артқы бөлік дизайны

Артқы бөлік дизайны

M модельдеріне тән және шанақтың екі бүйіріне орнатылған қара түтіндік келтеқұбырлар үш өлшемді артқы жарықдиодты фарлармен үйлесім тауып, автокөліктің айбарлы қуатын көрсете түседі.

BMW X6, Басқарудың инновациялық элементі

Басқарудың инновациялық элементі

BMW Curved Display үлкен майысқан дисплейі мен жарықты жолақ көпфункционалды басқару органдарының рөлін орындап, мультимедиялық мүмкіндіктердің кең таңдауын қамтамасыз етеді.

BMW X6, Базалық жинақтамадағы ең жоғарғы сапа

Базалық жинақтамадағы ең жоғарғы сапа

Арқадан белдің тұсын мықтап ұстап тұратын ыңғайлы спорттық орындықтардың арқасында ерекше жайлылыққа қол жеткізіледі. Алдыңғы панель сияқты, олар сәндік тігістері бар жоғары сапалы Sensafin жасанды былғарысынан жасалған.

BMW X6, M былғары руль шеңбері

M былғары руль шеңбері

Дәл спорттық басқару: Walknappa қара былғары терісімен қапталған және бас бармаққа арналған ыңғайлы қолдайтын элементтері бар M руль шеңбері.

BMW X6, Хрусталь шынымен безендірілген әдемі элементтер

Хрусталь шынымен безендірілген әдемі элементтер

Беріліс қорабының иінтірегінде, Start/Stop батырмасында және iDrive контроллерінде қолданылатын CraftedClarity хрусталь шынымен безендірілуі осы басқару элементтеріне ерекше талғампаз әрі жоғары сапалы сыртқы келбет береді.

BMW X6, Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Bowers & Wilkins Diamond Surround аудиожүйесі автокөліктің кез келген бұрышында дыбыстан ләззат алу мүмкіндігін беріп, керемет студиялық дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.

BMW X6, Панорамалы Sky Lounge әйнек төбесі

Панорамалы Sky Lounge әйнек төбесі

Жарықдиодты жарықтандыру жүйесі арқылы панорамалы Sky Lounge әйнек төбесі салонның кеңдігін ерекшелеп, салонда, әсіресе қараңғы түскен кезде, керемет атмосфера орнатады.

BMW X6, Автоматты 4 аймақтық климат-бақылау

Автоматты 4 аймақтық климат-бақылау

Автоматты 4 аймақтық климат-бақылау алдыңғы қатарда да, сондай-ақ артқы қатарлардың екі жағында да микроклиматты өзіңізге қарай баптау мүмкіндігін береді және әр жолаушыға дербес жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

BMW X6, Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

xOffroad пакеті жол талғамайтын 4 режимнің болуының арқасында әртүрлі жағдайға тиімді бейімделуді қамтамасыз етеді.
Тіркемемен көлік жүргізу көмекшісі тіркемемен маневр жасауды жеңілдетеді. Professional көлік жүргізу көмекшісі жалпы қауіпсіздікті арттыру үшін жүргізушіге қосымша қолдау көрсетеді.

BMW X6, BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional құрамына проекциялық дисплей, толықтырылған шынайылық технологиясы қолданылған навигациялық жүйе және көптеген басқа мүмкіндіктер кіреді.

Сипаттамалары мен бағалары

Авто в наличии
Все автомобили в наличии
* Автомобиль, изображенный на фотографии не является точным отражением автомобиля в наличии.Подробную информацию о наличии интересующего Вас автомобиля уточняйте у официального дилера
BMW X6

BMW X6 xDrive40i M Sport

Бензин
Автомат
Полный привод
Жолда
85 067 008 тг
Өтінім қалдыру
Ұсынысты сұрау

BMW X6

img