Модельдер
Сатып алу
Сатып алу бағдарламалары
BMW Trade-in
Көлік иелеріне
Акциялар
Нақты
Біз туралы
Бавария Костанай
Автокөлікке қайталанбас келбет беретін қара түсті элементтер: Ultimate Pack пакетінің құрамында қосымша опция ретінде қолжетімді қараңғыланған элементтері бар M Shadowline фаралары сіздің BMW-ңізді бірегей етеді.
M Carbon сыртқы әрлеу пакеті, Ultimate Pack құрамында қосымша опция ретінде қолжетімді, сіздің BMW M-ге одан да көп спорттық тұр береді. Оған алдыңғы бампердегі спойлер элементтері, сыртқы айна қаптамалары, артқы спойлер және диффузор кіреді.
Көміртекті пластиктен (CFRP) жасалған төбе сіздің BMW M-ның салмағын азайтады. Ауырлық ортасының ығысуы тежеу, үдеу және бұрылыстардан өту кезінде басқаруды оңтайландырады.
Қосымша жеңіл M Carbon ожау тәрізді орындықтары сіздің BMW M-ды жақсырақ сезінуге мүмкіндік береді. Модельдің эмблемасының жарықтандырылуы және ашық карбон беттері орындықтарға одан да кербез түр береді.
Қосымша опция ретінде ұсынылатын алькантарадан жасалған M рөл дөңгелегі 12 сағаттағы қызыл белгісімен, M эмблемасымен және M түстеріндегі тігісімен жарыс болидінің эстетикасын жаңадан жасайды. Қызыл түсті M1/M2 батырмалары M Drive баптауларын бір сәтте белсендіруге мүмкіндік береді.
Carbon Fiber опциялық интерьер әрлеуі кокпитке кербез түр береді және сіздің BMW M-нан спорттық сезіміңізді арттырады. Рөл дөңгелегіндегі карбонды кірістірмелер және рөл астындағы берілістерді ауыстыру жапырақшаларын қамтиды.
Жаңа өнімділігі жоғары M TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі бензиндік қозғалтқышы бар BMW M3 Competition Sedan M xDrive жүйесімен бірге әсерлі 390 кВт (530 а.к.) қуатына дейін жетеді. Ол қуатты сенімді түрде жинауымен және M-модельдеріне тән, бірден танылатын ерекше дыбысымен ерекшеленеді.
M қозғалтқышының ерекше қуаты мен оған тән дыбысы ұмытылмас алғашқы әсер қалдырады.
8 сатылы M Steptronic спорттық трансмиссиясы Drivelogic жүйесімен бірге ауыстыру алгоритмдерінің толық ауқымын ұсынады — аса спорттық режимінен бастап барынша жайлы режимге дейін.
Қосымша опция ретінде ұсынылатын Parking Assistant Plus* тұраққа қою көмекшісі бұлтарыс жасау кезінде тамаша шолуды қамтамасыз етеді. Камералар автокөлік айналасындағы жағдайдың үшөлшемді бейнесін басқару дисплейіне шығарады. Сіз бұлтарыс жасауға қанша орын қалғанын бірден көресіз.
* Тек қана жүргізушіге көмек. Жүргізуші көлік құралын үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
Үйлесімді мобильді құрылғылар Comfort Access жайлы қолжетімділік опциясы болған жағдайда BMW Digital Key* цифрлық кілтіне айналады. Енді сіз BMW-ңізді смартфон немесе смарт-сағат арқылы ашып, от алдыра аласыз. Сонымен қатар цифрлық кілтті басқа адамдармен бөлісуге болады (ең көбі 5 адам).
*функцияның қолжетімділігі автокөлік моделіне және мобильді құрылғының операциялық жүйесіне байланысты.
BMW 8.5 операциялық жүйесі навигацияны, музыканы және автокөліктің басқа функцияларын басқаруды жеңілдетеді.
BMW Intelligent Personal Assistant ақылды көмекшісінің көмегімен автокөлікті интуитивті түрде басқарыңыз. Ол бұрынғыдан да көп пәрмендерді түсінеді және сіздің BMW-ңізге қатысты кез келген сұрақ бойынша көмектесе алады.
Автокөлігіңіздің жағдайын тексеріңіз, жанармай құю бекеттеріндегі бағаларды салыстырыңыз және сервистік қызмет көрсетуге жазылыңыз. My BMW қосымшасы BMW-мен тікелей байланысуға мүмкіндік береді.