Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
BMW X1, Алдыңғы жағының дизайны.

Алдыңғы жағының дизайны.

Алдыңғы жағының ортасында орналасқан көлемді және төртбұрышты қос радиатор торы назар аудартады. Қанат жағына қарай созылатын тар бейімделетін жарықдиодты шамдармен үйлесе отырып, жаңа BMW X1 өте күшті көрінеді.

BMW X1, Бүйір жағынан көрініс.

Бүйір жағынан көрініс.

Бүйір жағынан жаңа BMW X1 алдыңғы жағының шығыңқы жерімен және тігінен бағытталған шанақ панельдерінің монолитті келбеті арқасында ерекше динамикалық көрініс береді.

BMW X1, Артқы жағының дизайны.

Артқы жағының дизайны.

Мөлдір және күңгірттелген әйнектердің үйлесімі, сондай-ақ бүйіріндегі алтыбұрышты өрнегінің арқасында үш өлшемді L-тәрізді артқы шамдар өте заманауи көрінеді.

BMW X1, Интуитивті түсінікті басқару.

Интуитивті түсінікті басқару.

Сенсорлық және дауыстық басқарумен жабдықталған жіңішке жақтаусыз қисық дисплей назар аудартады және BMW iDrive жүйесімен өзара әрекеттесудің негізгі элементі болып табылады.

BMW X1, Заманауи орталық консоль.

Заманауи орталық консоль.

Заманауи орталық консоль соңғы буынды басқару элементтерімен және сымсыз зарядтауға арналған орнатылған бөлімшемен жабдықталған.

BMW X1, Салонның артқы жағындағы жайлылық.

Салонның артқы жағындағы жайлылық.

Жаңа дизайны мен Sensatec қаптамасының арқасында салонның артқы жағындағы орындықтар эксклюзивті контрастты тігісімен жайлылықты ерекше жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Арқалық бөліктері 40:20:40 пропорциясында бүктелуі мүмкін.

BMW X1, Қос ілінісуі бар Steptronic беріліс қорабы.

Қос ілінісуі бар Steptronic беріліс қорабы.

Қос ілінісуі бар Steptronic автоматты жеті сатылы беріліс қорабы әсіресе жұмсақ берілісті ауыстыруды және жанармайдың аз шығынымен тамаша қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді.

BMW X1, BMW xDrive.

BMW xDrive.

BMW xDrive толық жетегі: Күшейтілген іліністен, динамикалық сипаттамалардан және қозғалыс қауіпсіздігінен ләззат алыңыз.

BMW X1, E-Boost жүйесі бар 48V технологиясы.

E-Boost жүйесі бар 48V технологиясы.

E-Boost жүйесі бар 48V технологиясы BMW үдеуін жақсартады.

BMW X1, Professional жүргізуші көмекшісі.

Professional жүргізуші көмекшісі.

Professional жүргізуші көмекшісі қозғалыс жолағын, жылдамдықты және қашықтықты автоматты түрде ұстайды және әртүрлі жағдайларда апат қаупін төмендетеді.

BMW X1, Артқы жүріс кезіндегі қозғалыс көмекшісі.

Артқы жүріс кезіндегі қозғалыс көмекшісі.

Сізге қиын жағдайларда көмектесе алады: артқы жүріс кезіндегі қозғалыс көмекшісі соңғы 50 метрдегі рульдік бұрылыстарды есте сақтайды және автоматты түрде автокөлікті жасалған жолға сәйкес орнына қайтарады.

BMW X1, Тұраққа қою көмекшісі.

Тұраққа қою көмекшісі.

Тұраққа қою көмекшісі шектеулі кеңістікте тұраққа қою мен маневр жасауды жеңілдетеді және тұраққа қою кезінде зақымдануды болдырмауға көмектеседі.

Сипаттамалары мен бағалары

Ұсынысты сұрау

BMW X1

img