BMW X2
Жарықдиодты фаралар автокөлік алдындағы жолды керемет жарықтандырады. Олар қараңғы жолдарда оңтайлы жарықтандыра отырып әлдеқайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Тіпті артқы шамдар да жарықдиодтармен жасалған.
19" V-spoke 867 Bicolour Midnight Grey жеңіл қорытпалы дискілері, жонылған. Дискілердің өлшемі 8J x 19, шиналар 245/45 R19.
"Меруерт Хром" түсті қосарлы радиатор торының спорттық дизайны автокөліктің мәнерлі және динамикалық келбетін айшықтап көрсетеді.
Панорамалық әйнек төбе кез келген орындықта отырып көрінісінен ләззат алуыңыз үшін көбірек жарық өткізу арқылы салонға кеңістік сезімін береді.
BMW Curved Display үлкен иілген дисплейінің және BMW 9 операциялық жүйесінің негізіндегі BMW Live Cockpit Professional жүйесінің арқасында музыканы, навигацияны және автокөлік баптауларын жеңіл басқарыңыз.
Теспеленген жасанды былғары қаптауыш сөзсіз назарларды аудартады және тіпті ұзақ сапарлар кезінде де барынша жайлылықты қамтамасыз етеді.
Берілістерді ауыстыру иінтірегі көтеріңкі орталық консольде ыңғайлы орналастырылған, ал оның нақышты дизайны салон интерьерін үйлестікпен толықтырады. Ол стандартты иінтіректен ықшамырақ, әйтсе де интуитивті түсінікті және қолдануға ыңғайлы күйінде.
Сымсыз зарядтауға арналған бөлік смартфонды өте ыңғайлы зарядтауға мүмкіндік береді. Үлкен бөлімде үлкен өлшемді құрылғыларға да жеткілікті орын бар — ол ыңғайлы жерде орналасқан және шашылып жататын сымдары жоқ.
Проекциялық дисплей навигация деректері мен қозғалыс туралы ақпаратты тура көз алдыңызға шығарып беріп, зейініңізді толықтай жолға шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Жалғыз ойнайсыз ба әлде достарыңызбен бе, маңызды емес — AirConsole-мен бірге BMW-іңіз ойын консоліне айналады. BMW Curved Display иілген дисплейінде жолаушылармен жарысыңыз немесе өз рекордыңызды жаңартыңыз. Смартфон геймпад қызметін атқарады: жай ғана орталық экрандағы QR-код-ты сканерлеңіз де, ойнауға кірісіңіз.