Новый BMW iX
Модельдер
Сатып алу
Сатып алу бағдарламалары
BMW Trade-in

Көлік иелеріне

Акциялар
Нақты
Біз туралы
Жылтыраған дөңгелек дискілерінен бастап аспаптар панеліндегі фирмалық M логотипіне дейін – M Sport пакеті аэродинамикалық сипаттамаларды жақсартады және интерьерге спорттық акцент береді. Барынша әсер қалдыру үшін өз BMW iX көлігіңізді қосымша M Sport Pro пакетімен толықтырыңыз.
BMW радиатор торы Iconic Glow көмескі жарығымен автокөлікке әсіресе тәуліктің қараң мезгілінде бірегей көрініс беріп тұрады. Ақ түсті сәлемдесу көмескі жарығы статикада да, қозғалыста да оның сұлбасын айшықтап көрсетеді.
Жіңішке тік фаралары шанақтың алдыңғы бөлігінің айқын сызықтарына ерекше назар аудартып, радатор торының әдемі жолақтарын сәнді толықтырады.
23 дюймдік BMW Individual 1028 I Multicolour дөңгелек дискілері аэродинамикалық дизайнымен автокөлікке спорттық сипат береді. Жылтыратылған ендірмелер айрықша 3D әсерін береді.
Көшкелі жүрсіз бе немесе дөңгелегі бар үймен демалысқа шыққалы жүрсіз бе? Епті тарту-тіркеу құрылғысымен сіздің BMW-ыңыз кез келген жұмысты атқара алады – ол салмағы 2,5 тоннаға дейін тіркемені сүйрей алады.
Көп функциялы спорттық M орындықтары арқаға сенімді тіреу болып, жайлылық сыйлайды. Баптау режимдерінің кең таңдауының арқасында орындықтар сіздің денеңіздің ерекшеліктеріне оңай бейімделеді.
Sky Lounge панорамалық шыны төбесінің ауданы екі шаршы метрден асады, салон ішін табиғи жарыққа толтырады. Қаласаңыз, бір түймені басып, қараңғылауға болады.
Руль дөңгелегі мен ауа өткізгіш түтікшелер бетіндегі қою күміс түсті M акценттері сіздің BMW автокөлігіңіздің қайратты мінезін айшықтай түседі.
BMW автокөлігінің үлкен «қалықтаған» иілген дисплейі жүргізушіге бағытталған және ыңғайлы бұрышта орналасқан. Кіріктірілген BMW проекциялық дисплейі бар талғампаз алдыңғы панельдің фонында ол ерекше жеңіл және әдемі көрінеді.
Кіріктірілген интеллектуалды технология әрбір сапарды қауіпсіз және ыңғайлы етеді. Мысалы, BMW радиаторының торы айнала шолу жүйесінің камераларымен және радар датчиктерімен жабдықталған.
Фильмдер мен телешоуларды BMW көлігіңіздің бақылау дисплейінен қараңыз. Толық интеграцияланған жоғары ажыратымдылықтағы бейне ағындық сервистердің ең жақсы ойын-сауық опцияларын ұсынуының арқасында күту уақыты көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді.
BMW Digital Key Plus технологиясы дәстүрлі кілтті мобильді құрылғыға ауыстыруға мүмкіндік береді. Сіз кіру құқықтарын баптай аласыз және цифрлық кілтті басқа пайдаланушылармен бөлісе аласыз. Осы технологияның арқасында сіздің BMW-ыңыз жақындаған кезде есіктерді автоматты түрде ашатын болады.
*функцияның қолжетімділігі автокөлік моделіне және мобильді құрылғының операциялық жүйесіне байланысты.
Professional көлік жүргізу көмекшісі автокөлікті жолақ шегінде сенімді ұстайды және 210 км/сағ дейін жылдамдықта қауіпсіз қашықтықты сақтайды. Шұғыл жағдайда BMW автокөлігіңіз толық тоқтауға дейін тежеледі және содан кейін автоматты түрде қайта жүріп кетеді. Бұл әсіресе тығыз көлік ағынында ыңғайлы.
Professional тұраққа қою көмекшісі тұрақ орындарын белгіленуі бойынша таниды. Барлық бос орындар иілген BMW дисплейінде көрсетіледі – сіз тек ұнағанын таңдасаңыз болғаны. Қалғанын BMW-ның өзі орындайды.
Кедергіні еңсеру, ауыр жүкті тасымалдау немесе спорттық жүргізу үшін амортизаторлардың қаттылығын арттыру керек пе? Екі осьтегі бейімделгіш пневматикалық аспа түймені бір рет басу арқылы жүріс бөлігінің параметрлерін өзгертуге немесе жағдайға автоматты түрде бейімделуге мүмкіндік береді.
Кіріктірілген белсенді руль сіздің BMW көлігіңіздің артқы дөңгелектерін белгілі бір бұрышқа бұруға мүмкіндік береді. Осының арқасында көлік маневр жасау үшін аз орынды қажет етеді — әсіресе бұл көп қабатты паркингтерде ыңғайлы.
Қуаты 400 кВт (544 а.к.) екі электр қозғалтқышы жаңа BMW iX xDrive60 көлігін орнынан жұлқи жылдамдық алғанда, 765 Нм айналдыру моменті сізді орындыққа кіргізіп жібергендей болады.